«Біз Smart-технологияларды белсенді түрде енгізіп келеміз. Мемлекетке жүгіну процедурасы жеңілдетілді. Алматыда кәсіпті қағазсыз жүргізуге болады. Интернет арқылы кәсіп ашуға, шот-фактуралар жазып беруге, банк операцияларын жүргізуге, салық есебін тапсыруға, құрылысқа рұқсат алуға болады», - дейді Бауыржан Байбек.
Қазпоштаның деректеріне сүйенсек, бүгінде еліміздегі бүкіл электрондық сауданың жартысынан астамы Алматының үлесіне тура келеді, жылдық өсім 55% құрайды. Сондай-ақ интернет-дүкендер айналымының 47%, қолма-қол ақшасыз төлемдердің 64% Алматыға тиесілі. Big Data қалыптасқан. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының жуырдағы рейтингінде Алматы электрондық үкіметті дамыту бойынша 25-орын алған болатын.