Алматыда еліміздің үздік блогерлері марапатталады
12:52, 09 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық Азиядағы ең бірінші блог-конференция өтеді.
Бұл Қазақстандағы мұндай ауқымдағы алғашқы іс-шара. Конференцияның мақсаты - Қазақстанның блог саласындағы ағымдық деңгейді анықтау және оның одан әрі сапалы дамуына қажетті басты факторларды қалыптастыру болып табылады
Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден келген 150- ден астам блогерлер мен онлайн-БАҚ өкілдері блогинг пен онлайн-журналистиканың қазіргі даму бағыттарын талқыға салатын болады.
Конференция қорытындысында еліміздің үздік блогерлері марапатталады.