Алматыда елорда күніне орай велошеру өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы кезекті, оныншы велошеру 3 шілде күні өтеді. Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өткізіледі.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, велошеру келесі бағыт бойынша өтпек: «Нұрлы Тау» БО-нан сағат 09:00-де бастау алып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталады.

Вело шеруден кейін Астана күніне арналған концерт өтеді жəне қатысушылар арасында ойын ойнатылып, белсенді қатысушыларымыз бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Шараны ұйымдастыратын қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы барлық қатысушыларға арнайы шлем киіп жүруі қажеттілігін ескертеді.