Медициналық мекемені кеңейту Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жол картасы аясында жүргізілді. Бөлімше барлық заманауи талаптарға сай.
Қабылдау бөлімі қуатты автоном желдету жүйесімен, заманауи емдеу-диагностика жабдықтармен, соның ішінде компьютерлік томография, рентген қондырғысы, УЗИ аппараттарымен жабдықталған. Бұдан басқа, операция залдары, сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия палаталары қарастырылған.
Қабылдау бөлімінің жаңа ғимараты барлық санитария және техника нормалары мен стандарттарға сай әрі білікті көмек көрсету үшін медицина персоналы жасақталған. .
Жаңа ғимарат жылына 100 мыңға дейінгі науқасты қабылдайды деп есептелген. Тәулік сайын қалалық клиникалық ауруханаға 300-ден 500-ге дейін пациент жүгінеді. Жылына – 80 мыңнан астам адам, оның 25 мыңға жуығы стационарда емделіп жатыр.
Осының арқасында жоғары мамандандырылған медициналық-диагностикалық көмек алу үшін қадамдық қолжетімділік, сондай-ақ шұғыл және жоспарлы пациенттердің патологияларын ерте анықтау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні Алматының денсаулық сақтау нысандарын жабдықтау көрсеткіші 91,5%. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің жабдықталуы 100%-ға дейін жеткізілді.
Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы ықтимал эпидемиологиялық қатерлерге ден қою бойынша елдің ғылыми-медициналық әлеуетін шоғырландыру мақсатында Алматыда инфекциялық аурулардың көпбейінді ғылыми-зерттеу орталығының құрылысы басталды.
Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының және №2 БҚКА қосымша корпустарының, паллиативтік көмек орталығы бар жаңа онкологиялық орталықтың және Медеу ауданында көпбейінді стационар ғимараттарының құрылысы жүріп жатыр.
Алматы темір жол ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда.