Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар Әл -Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін отырғызылады.
Осы мақсатта қалаға терек, емен, шырша көшеті жеткізілді. Сонымен қатар, 5,5 мың шаршы метр аймаққа гүлдер мен шыбықтар өсіріледі.
Ескі қоршауларды алып тастау 30 наурызға дейін жалғасады, гүл өсінділерін даярлау бес күнге, 1-5 сәуірге созылады.
Жұмыс барысы кезінде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция департаментіне жол - патруль топтарының санын ұлғайту тапсырылды.
Бұл акцияны қаланың Жасыл экономика басқармасы бастады. Бастамаға «Ағаш отырғыз» республикалық қоғамдық бірлестік пен бизнес қоғамдастық демеушілік көрсетіп отыр.