Алматыда ең қажетті азық-түлікке шекті баға қойылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қала тұрғындарын азық-түлікпен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа тұрақтандыру қоры толықтырылады, деді ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қала халқының негізгі азық-түлік тауарларын тұтыну көлемін есепке ала отырып, жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге тұрақтандыру қорын толықтыру үшін қарастырылған. Оның 5 млрд теңгесі биыл наурызда бөлінді», - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, әкімдік Отандық ірі тауар өндірушілерімен және сауда желілерімен келісімге келді.

Келісім бойынша 3 ай ішінде тауардың 17 түрі үздіксіз тұрақты бағада жеткізілуі тиіс.

Бұл айналма қаражат әрі қарай сатылуына қарай қажетті тауарларды сатып алу үшін қолданылатын болады. Осылайша, отандық азық-түлік тауарларын өндірушіден тікелей қаланың сауда сөрелеріне жеткізудің анық тізбегі жасалды.

«Қала әкімдігі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы әлеуметтік маңызы бар 12 түрі бойынша үш айлық қорды қалыптастыру үшін «Magnum Cash & Carry» ЖШС жеңілдікті қайтарымды займ бөлді. Несие алған кезде, сауда желісі тауарды нақты белгіленген бағамен өткізуге қатаң міндеттеледі»,- деді қалалық әкімдіктен.


Атауы

Сөреде 3 ай мерзіміндегі шекті баға тг/кг/қап

1

ҚАРАҚҰМЫҚ ЖАРМАСЫ КГ

335

2

ТҮТІК КЕСПЕ 1 КГ

189

3

КҮНБАҒЫС МАЙЫ РАФ 5Л

2168

КҮНБАҒЫС МАЙЫ РАФ 1Л

432

4

КҮРІШ ЖАРМАСЫ КГ

273

5

ҚАНТ КГ

210

6

АЙРАН 2,5% 925 МЛ

286

7

САРЫ МАЙ 72,5% 1 кг

2155

8

СҮТ 2,5%, 900 МЛ

221

9

СҮЗБЕ 5% 200ГР

349

10

ЖҰМЫРТҚА SMALL 45-55, 10 ШТ

367

11

ТАУЫҚТЫҢ САН ЕТІ, КГ

799

12

ҰН 1 СОРТ (2 КГ)

422