Бұл туралы бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында өтіп жатқан аталмыш бағдарлама бойынша азаматтарды қабылдау шарасы кезінде айтылды.
«Былтырғы жылы 1 маусымнан біздің партияның көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының алғашқы кезеңі басталған болатын. Онда білім алған жастарды жұмыспен қамтып қана қоймай, кәсіби біліктілігін көтеру үшін мемлекет тарапынан қаржыландырылатын тегін оқыту курстары да қарастырылған», - дейді партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Әділ Несіпбаев.
Оның айтуынша. бүгінгі шараға Алматыдағы 600-ден астам өндіріс мекемелерінің қырқы қатысуда. Онда жұмыс берушілер өз сұранысы бойынша азаматтармен келісімшарттар жасасатын болады. Алғашқы ақпараттар кешкі 6-дан кейін белгілі болады. Ал бұл бағдарлама бойынша жұмысқа тұрған азаматтардың нақты саны туралы толық ақпарат бір айдың ішінде дайын болады.