деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараның мақсаты - қоғам мен энергия кешен өкiлдерiнің әріптестігіне қол жеткізе отырып, істерді тиімді атқару, барлық энергия кешендерінің мәселелерi шешiмiнiң толық картасын құрастыру және қоғам ұсыныстарын тыңдау.
Энергия кешендерін дамытудың басты жолы қатысушылардың таңдауы бойынша нарықтық жолға өту маңыздырақ. «Алматыэнергияжинақтау» мекемесінің бас директоры Михаил Гамбургердің айтуынша, компания ертеден нарық заңына сәйкес жұмыс істеп келеді. «Есептеп шығарулар әдiсі, тарифтің дифференцациясы, электр қуатын тиімді бағамен сатып алу, АлматыЭнергияЖинақ нарық қорына шығуы, келешек инвесторларға арналған қолайлы жағдайдың жасалуы мұның барлығы нарықтық құрылымының үлгiсi», дейді ол.
Дөңгелек үстел барысында Алматы мен Алматы облысындағы энергия кешендерінің басқа да мәселелері көтерілді. Қатысушылардың пікірінше, электр қуаты тарифтерінің ұлғаюы энергия кешенінiң ғана емес, өңірдің экономикалық дамуына әсерін тигізбек. Бір қатар БАҚ өкілдері тарифты ұстап тұру арқылы экономикалық құлдырауға ұшырауымыз мүмкін екендіктерін жеткізді. Тарифтерді мемлекет тарапынан ұстаудың арты елдiң экономикалық өсуiнiң баяулауына және инфляциялық процесстердің екпiндеуіне әкеледі.