Байқауға кәсіби дизайнерлер, Алматы қаласы және Алматы облысының қарапайым энергия тұтынушылары, жергілікті оқушылар қатыса алады.
Қатысушылардың жұмыстары үш аталым бойынша, атап айтқанда «Оқушылар арасындағы ең үздік жарнамалық туынды»; «Кәсіпқойлар арасындағы ең үздік жарнамалық туынды»; «Тұтынушылар арасындағы ең үздік жарнамалық туынды» аталымдары бойынша бағаланатын болады. Әрбір аталым үш жүлделі орынға бөлінеді.
18:03, 12 Тамыз 2010
Алматыда «Энергияны үнемдеу - болашаққа құйылған инвестиция» атты ең үздік жарнамалық туындылар арасында байқау өткізіледі
АЛМАТЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 1-і мен қазанның 31-і аралығында «АлматыЭнергоӨнім» компаниясы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Энергияны үнемдеу - болашаққа құйылған инвестиция» атты ең үздік жарнамалық туындылар арасында байқау өткізеді.