Бақытжан Сағынтаевтың мәліметіне сәйкес, Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Тәуліктік өсім 1,0%-дан 0,7%-ға дейін төмендеді.
Алайда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала «қызыл» аймақта тұр.
«Қала тұрғындары арасында ПТР зерттеуі оң нәтижесінің саны төмендеп жатыр. Егер 26 тамызда - 1561 болса, ал 7 қыркүйекте - 911. Сәйкесінше, R саны (жұқтыру индексі) 1,02-ден 0,86-ға дейін төмендеуін жалғастырып отыр»,- деді әкім.
7 қыркүйектегі жағдай бойынша қалада бір тәулікте 911 адам коронавирус жұқтырды. Оның 872-сі - симптомды. Анықталмаған пневмония - 12.
«Инфекциялық стационарларда жалпы сыйымдылығы 7 705 төсек-орын бар, мұнда 3 754 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 116 бала. 184 науқас өте ауыр жағдайда, 1 534 ауыр жағдайда, 2 033 орташа және 3 жеңіл дәрежеде. Жансақтау бөлімінде барлығы 339 науқас жатыр. ӨЖЖ аппаратында - 58, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында - 137, High flow аппаратында – 168», - деді Бақытжан Сағынтаев .