Алматыда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі - Жандарбек Бекшин

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Тәулігіне 1500- ден астам жағдай тұрақты түрде тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді. Тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері 105,6 мың жағдай тіркелді»,-дейді ол.

Оның айтуынша, өткен аптада коронавирус жұқтырғандар саны сәл төмендеді.

«Тәуліктік өсім тамыздың алғашқы күндеріндегі 1,5% - дан бүгінгі күнге 1,22% - ға дейін төмендеді. Десекте, соңғы аптадағы «симптомдық» науқастардың салыстырмалы салмағы алдыңғы аптамен салыстырғанда 93%-дан 94% - ға дейін артты, бұл айналымдағы COVID-19 нұсқасының жоғары патогенділігін көрсетеді»,- дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түскенін атап өтті.

Айта кетейік, мегаполисте шектеу шаралары жаз айының соңына дейін ұзартылды.