«Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады, ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала үшінші күн «қызыл» аймақта орналасқан. Апталық сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өсті»,- дейді спикер.
Оның айтуынша, эпидемияның тағы бір толқыны жаңа жылдық мерекелер мен белгілі оқиғалардан кейін және «омикрон» штаммына байланысты болып отыр.
Бұл зертханалық түрде биылғы жылдың 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелерімен расталады.
«ҚР ДСМ-де 96 сынамадан 8 сынамада омикрон штаммы анықталды, оның ішінде 7 сынама Алматы қаласынан болды. «Дельта» штаммдары сынамалардың 71% - ында анықталды, «дельта – плюс» - 16% - да, басқа штаммдар - 4,7% пайыз.
«Омикрон» штаммына тән Алматы қаласындағы эпидемиологиялық процестің ерекшеліктері - аса жоғары жұқпалылығы (таралу коэффициенті 1:5), иммунитетке төтеп беру қабілеті, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы және 20-30 жас аралығындағы азаматтардың зақымдануы байқалады» - дейді ол.
Сонымен қатар, ол апта сайынғы сырқаттанушылық бұрын КВИ-мен ауырып сауыққан адамдардың қайта жұқтыру жағдайлары күрт өскенін айтты.