«Жыл басынан бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 156 мың жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 309 адам вирус жұқтырды. Дельта штамы шыққанда күніне 1700-ге дейін жағдай тіркелетін, қазір - тәулігіне 300-350. Коронавирустың таралуы базалық болжамға сәйкес инфекциялардың төмендеу динамикасында тұрақтануды жалғастырып жатыр»,- дейді ол.
Спикердің айтуынша, сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 121-ден 113-ке дейін төмендеді. Ал тәулік өсімі 0,22-ден 0,18-ге азайды.
«Инфекциялық берілу индексі 0,9 деңгейінде сақталып отыр. Қазіргі таңда қалада иммундау көрсеткіші - 54 пайыз. Қалада вирус жұқтырғандардың ең көбі - 20-39 жастағылар»,- деді Жандарбек Бекшин брифингте.