Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 23 қазандағы жағдай бойынша, бүгінге дейін мегаполисте жалпы коронавирус инфекциясының 14607 оқиғасы тіркелген, оның 8762 - симптомды, 5845 - симптомсыз.
«Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім - 0,3%, жұқтыру коэффициенті – 1,37 боп тұр. Осы аптада КВИ деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалып келеді», - деді Жандарбек Бекшин.
Жалпы, әлемдегі эпидемиялық жағдай нашарлап бара жатқаны атап өтілді.
Мысалы, Ресейде күніне 12 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Еуропа мен Америка аймағында да осындай жағдай. АҚШ-та тәулігіне шамамен 60 мың жағдай, Францияда - 30 мың, Ұлыбританияда – 14 мың, Испанияда, Германия және Италияда 5-15 мың жағдайдан тіркеліп отыр.