АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам кішкентай баланы буындырып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған.
«Аталмыш дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде енгізілді. ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды », - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.