АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қолына пышақ ұстаған ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға тап беріп, көлік жөндеу орталығының клиентін жаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қолына пышақ ұстаған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін Әуезов ауданының аумағында орын алған.
Мас ер адам көлік жөндеу орталығының клиентіне пышақ салды. Жарақат алған адам дереу ауруханаға жеткізілді.
«Күдікті - Жамбыл облысының тұрғыны Ж. есімді азамат екені анықталды. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді», -деп хабарлады полициядан.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.