Сот материалдарына сәйкес, ер адам өзінің танысымен бірге дүкенде жұмыс жасаған. Кейін екеуі жанжалдасып қалады. Кектенген ер адам танысын ұйықтап жатқан жерінен бетіне сұйық химиялық зат шашып, от қойған. Сосын есікті сыртынан бекітіп ашпай қойған. Оқиға салдарынан өртенген жігіт опат болды.
«Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша айыпты деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ», - деді Д.Махамбетов.