Алматыда ер адам жанынан өтіп бара жатқан бойжеткенді пышақтады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда мас ер адам жанынан өтіп бара жатқан қызға пышақпен шабуыл жасады. Зардап шегуші пышақ жарақатынан ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 24 наурыз күні болған.

«Қасымнан өтіп бара жатқан адам арқама пышақ салды. Өкпеме де зақым келіпті. Ота жасалды. Қазір денсаулығым жақсы. Дәрігерлерге алғысым шексіз», - деп жазды жарақат алған қыз Instagram-дағы парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, пышақтаған адамды мүлдем танымайды.

Полиция департамертінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

«Күдікті 1969 жылы туған Алматының тұрғыны болып шықты. Ол ішімдікке масаң күйде болған, сосын өтіп бара жатқан қызға еш себепсіз шабуыл жасап, пышақпен жарақаттаған. Қазір қыз ауруханада жатыр. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелген. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады полициядан.


Соңғы жаңалықтар