Алматыда «Ер Төстік» деп аталатын анимациялық фильмдердің І қазақстандық фестивалі болады

АЛМАТЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 13-15 маусым күндері «Ер Төстік» деп аталатын анимациялық фильмдердің І қазақстандық фестивалі өтеді. Оны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы ұйымдастырып отыр.

Фестиваль кезінде «Қазақфильм» киностудиясы мен «Цезарь» кинотеатрында қазақстандық анимациялық фильмдердің көрсетілімі болады. Бағдарламада сондай-ақ, «Қазақ анимациясының келешегі мен дамуы» деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны және анимация саласындағы әлемдік жетекші мамандардың бірінің шеберлік дәрістері де жоспарланып отыр.