Маманның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балаларға, медициналық көмектің негізгі түрлерімен бірге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.
Олардың арасында: медициналық алғашқы көмек, орта медицина қызметкерлерімен көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек, жалпы тәжірибелі дәрігерлерімен, терапевттермен, педиртлармен көрсетілетін біліктілік көмегі, бейінді мамандармен көрсетілетін мамандандырылған көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер және әлеуметтік-медициналық көмек.
Еліміздегі балалар мүгедектілігі көкейтесті мәселенінің бірі. Балалар мүгедектілігіне әкелетін аурушаңдық құрылымында психикалық күйзелістер жүйке жүйелерінің ауруы, даму ақаулығы, зат алмасуының бұзылуымен байланысты аурулар, бұлшықет-сүйек жүйесінің ауруы бар.
«Бүгінгі күні емханамызда мүмкіншілігі шектеулі 140 бала есепте тұр, оның ішінде, қимыл-тірек аппаратының бұзылуымен – 41%; оның арасында, арбамен жүретін мүгедектер – 9,9%; есту қабілеті бұзылғандар – 6,5 %; көру қабілеті бұзылған – 3,3%; психикалық бұзылыстармен – 19%; басқа да патологиялар – 20,3%.Олардың барлығы диагностика хаттамасына сәйкес, үнемі тиісті түрде емделіп тексерістен өтіп отырады. Дәрігердің қабылдауына ұялы қолданба арқылы жазылып, ал, егер шұғыл жағдай болса, онда қабылдау кезінде кезекке тұрмайды, сағаттары мен тіпті минуттары есептелу себепті, жазбасыз және кезексіз қабылданады»- деп түсіндірді дәрігер.
Майя Шегебаева мұндай балаларға медициналық көмек педиатр- дәрігерлермен, сондай-ақ, учаскелік ұстаным бойынша жалпы тәжірибелі дәрігерлермен, бейінді мамандармен, көрсеткіш анықталған кезде- үйге бару арқылы көрсетілетінін жеткізді.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру үшін біз өз еркімізбен алты айда 1 рет қалалық балалар оңалту орталығы (3-14 жастан), «Балдәурен», «Алау» (жасына қарай) балалар шипажайы (7-14 жаста), кезінде Алматы қаласының №2 балалар шипажайы деп аталған балаларды ерте оңалту орталығы (3-7,5 жаста), балалар сал ауруымен ауратындарға арналған «АРДИ» оңалту орталығының күндізгі стационары, «Құлагер» медициналық орталығы, «Жұлдызай» балалар оңалту орталығы, қаланың стационарларына, сонымен қатар, квота бойынша қоғамдық денсаулық басқармасы арқылы «Балбұлақ» республикалық балалар орталығына, «Алатау» балалар клиникалық орталығына, Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық балалар орталығы секілді мекемелерге жібереміз»,-дейді Майя Шегебаева.
Дәрігер сондай-ақ, егер баланы жатқызу үшін шұғыл көрсеткіштер орын алса, жедел разрядымен қаралып ауруханаға жатқызылатынын айтты. Мұндай жағдайда ата-аналар жедел жәрдем көмегін шақырулары тиіс