Алматыда ерекше сурет көрмесі өтеді

АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат -  Алматыда 22 сәуірде World Class Almaty фитнес-клубында «Біз не жейміз  және біз кімбіз» («We are what we eat») деген тақырыпта  көркемсурет көрмесі ашылады.

Оны әртүрлі елдердің суретшілері мен «Архитектура» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Екі аптаға созылатын бұл шара кезінде суретшілер жұртшылық назарына аталмыш тақырыптағы  өз жұмыстарын ұсынады. Көзқарастары мен өзіндік ой-пікірлерімен  бөлісіп, тәжірибе алмасады. Онда сондай-ақ, шанхайлық фотограф Танг Уеннің (Tang Wen)  фотокөрмесі мен қонақтар үшін кәдесыйлар дүңгіршегі жұмыс істейді.