Алматыда ерекше веложарыс өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 17-сі күні "Таза ауа бұл біздің құқығымыз" деген девизбен веложарыс өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны қала әкімдігі мен Еуразиялық банктің қолдауымен Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) ұйымдастырып отыр. Бұл шараның басты мақсаты - жұртшылық назарын қоршаған орта мәселелеріне аудару.

"Таза ауа біздің денсаулығымыз бен игілігіміз үшін өте маңызды. Біз Алматының азаматтары таза ауа науқанына қатысады деп күтеміз және «Таза ауа бұл біздің құқығымыз!» деп мәлімдейміз», дейді ҚМЭБИ-дың Студенттік мәселелер жөніндегі деканы Шираз Парача. Оның айтуынша, бұл жарысқа ҚМЭБИ-дің студенттер мен оқытушылар қауымы және Еуразиялық банктің қызметкерлері қатысқалы отыр. Оған өзге қала тұрғындары мен қонақтары да өз велосипедтерімен келіп қатыса алады. Ал көлігі жоқтарға ұйымдастырушылар өз тарапынан 200 велосипед дайындап отыр.