Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, темекі шегуден туындайтын дерттерден жыл сайын 5 миллион адам, ал әрбір 6 секунд сайын 1 адамнан қайтыс болады. Қазіргі кезде темекіге байланысты 25-тен аса ауру түрлері белгілі болып отыр. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары, қолқа-өкпе және онкологиялық аурулар алдыңғы орында тұр.
Республикадағы темекі бұйымдарын тұтыну статистикасы бұл індеттің барлық белгілерін көрсетіп отыр. IV Ұлттық зерттеудің деректеріне сүйенсек, 12 жастан асқан тұрғындардың 2 пайыздан астамы немесе 4,2 миллион адам темекі шегеді. Соңғы 15 жылда темекі бұйымдарын тұтыну жан басына шаққанда 8 есеге өскен. Яғни әрбір темекі шегуші күніне кемінде 9 сигареттен шегеді. Темекі індетінің құрбандары ерлер арасында 30-55 жастағы, әйелдер арасында 15-49 жастағы еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Алматы қаласында ересектер арасында темекі тартатындардың үлесі 2008 жылы 39,2-ден 2011 жылы 25,9 пайызға дейін азайған. Ал 18-24 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер арасында ол 2007 жылғы 25.3-тен былтыр 18.4 пайызға кеміген.