Студенттер сарайында өтетін шарада Алматының үздік волонтерлары марапатталып, республикалық жастар қозғалысының сайты таныстырылады.
Форумға қаладағы жоғары оқу орындарының, орта арнаулы білім мекемелерінің студенттері, сондай-ақ ата-анасымен бірге мектептердің оқушылары қатысады. Шараға жұмыс берушілер, белгілі әртістер, волонтер ұйымдарының негізін қалаушылар жиналады.
Жұмыс берушілер ерікті қызметпен айналысатын белсенділерге жұмыс ұсынып, ата-аналар сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, волонтерлар киімдерін сататын дүкен де ашылады. Шараның құрметті қонағы әнші Әли Оқапов болмақ.
Еске сала кетсек, 27 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды,