Еркеғали Рахмадиев - КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны жеті жыл бойы басқарған, 27 жыл Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы болған, Мәдениет министрі қызметін атқарған.
Атақты композитор «Қамар сұлу», «Алпамыс», «Абылай хан» және басқа да опералардың авторы, сонымен бірге, көптеген оркестрлік, вокальды-хореграфиялық, театр-сахналық шығармалар жазған.