Алматыда еркін күрестен «Оңтүстік астана-2009» турнирі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда еркін күрестен қалалық еркін күрес қауымдастығының жүлдесі үшін «Оңтүстік астана-2009» турнирі басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнир ҚР спортының құрметті қайраткері Әбілсейіт Айхановтың құрметіне өткізіліп отыр. Шараға Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарынан 140 спортшы қатысуда. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан 6 спортшы сайысқа түседі. Сайыстың бас төрешісі Түсіпхан Сайхановтың айтуынша, сайыста 55, 84, 120 килә салмақта медальдар сарапқа салынады. Сайыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлық та берілмек. Турнир ертең мәреге жетеді.