деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік желілердің даму феномені және «еркін» журналистиканың ерекшеліктері» деген тақырыппен өткен бұл мәжілісті Әлемдік экономикалық форум атқарушы төрағасының аға кеңесшісі Кристина Фальконе (АҚШ) модераторлық жасады. Көптеген белгілерге қарағанда, журналистика тек осы мамандықтың иелеріне ғана тиесілі емес. Интернет және сондағы дамыған БАҚ «еркін» құралдары өндірушілер мен тұтынушылардың дәстүрлі жүйесін бұзуда. Сондықтан бұл жиында - Жаңалық таратушы мекемелер мен журналистер қолданыстағы желінің әлеуетіне қалай бейімделеді? Жаңалық таратушы мекемелерге желіде қандай жаңа бизнес-үлгі мен табыс көзіне қол жеткізе алады? Журналистика парадигмасының өркендеуіндегі ерекшелікке реттеушілер қалай қарауы тиіс деген сияқты түрлі мәселелер жан-жақты талқыланбақ. Оған негізгі пікірсайысшы ретінде Еуропалық журналистика орталығының директоры Уилфрид Руттен (Нидерланд), «Дойче велле» телекомпаниясы маркетинг және дистрибуция, стратегия бөлімінің директоры Гвидо Баумхауэр (Германия), «NowPublic» президенті және негізігн қалаушы Майкл Типпет (Канада) және пәкістандық тәуелсіз журналист Науин Накуи қатысуда.