Алматыда ерлі-зайыпты суретшілердің көрмесі ашылды
17:50, 14 Қаңтар 2009
АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Бүгін Алматыда Қазақстан Суретшілер одағының ғимаратында ерлі-зайыпты С. Тайнов пен Г. Сүйінбаеваның көрмесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Көрмеге екі суретшінің 40-қа жуық туындысы қойылған. С. Тайнов картиналарында ауыл өмірі, ондағы адамдардың қазіргі тұрмыс-тіршіліктері бейнеленеді. Ал Г. Сүйінбаеваның суреттерінде қою түстер мен мозаикалық формалар басым. С. Тайновтың айтуынша, бұл көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат ? халықаралық деңгейде танылып жүрген жұмыстарын халыққа кеңірек таныстыру.