Алматыда «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты кітап көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Бүгін Алматыдағы Республикалық кітап мұражайында Ұлы Жеңістің 64 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Көрмені Ұлы Отан соғысының ардагері Сейдәлім Тәнекеев және Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл ашып, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы туралы өз естеліктерін айтып, кітап мұражайына өз кітаптарын сыйлады. Көрме 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Ұлы Отан соғысына, екінші бөлім Қиыр Шығыстағы Даманск аралы оқиғасының 40 жылдығына, үшінші бөлім Ауған соғысына арналса, төртінші бөлім «Ерлік жалғаса береді» деп аталады.Көрмеде Қасым Қайсенов, Әзілхан Нұршайықовтардың кітаптарымен қатар жас жазушылардың соғыс туралы шығармалары қойылған.