Музей баспасөз қызметінің мәліметінше, көрмеге біздің заманымызға дейін ерте ғасырларда қолданылған құнды жәдігерлер қойылған.
«Алматы Ұлы Жібек жолы бойындағы бай, дамыған өркениетті қала болды. Көрмеде оның дәлелі болатын күміс дирхемдер қойылды. Оны археологтар қаладағы шекарашылар академиясы орналасқан көне қалашықтан тапқан. Оған қоса, шарада Алматы музейі қорындағы 3 мың жыл бұрын табылған артефактілер ұсынылды»,- деп хабарлады музейден.
Келем деушілер үшін көрме 12 қыркүйекке дейін жалғасады.