Алматыда «Ертегілік сыйлықтар-2014» жаңажылдық жәрмеңкесі басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Орталық көрме залында «Ертегілік сыйлықтар-2014» жаңажылдық жәрмеңкесі басталды, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Жәрмеңкеге компаниялар мен әртүрлі стильдік бағыттардың шеберлері қатысуда. Келушілерге үй-ішілік заттар және жаңажылдық кәдесыйлар, отшашулар және ойыншықтар, парфюмерия, косметика, сәндік бұйымдар, бал және тәтті тағамдар ұсынылуда. Бір сөзбен айтқанда, кез келген таңсық заттарды қалтаңа қарай алуыңа болады.

Сонымен бірге, жәрмеңке қонақтары танымал шеберлермен кездесіп, оқу курстарына және шеберлік сабақтарына жазыла алады. Барлық келушілерді Аяз Ата қарсылайды. Кіру - тегін.

Жаңажылдық сыйлықтар жәрмеңкесі 30 желтоқсанда аяқталады.