Сот отырысы таңертеңгі сағат 10.00-де қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта жабық режімде өтеді.
Айта кетерлігі, генералдан басқа тағы да үш адам - А.Спицын, А.Қайырбаев, П.Титоренко ҚР ҚК 312 бабының 5 тармағы: «Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру, лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру» бойынша айыпталып отыр.
«Қазір іске қатысатын құрам өзгеріп жатыр. Ертең айыпталушыларды жаңа адвокаттар қорғайтын болады. Олар қазір осы іспен танысуда», - деп хабарлады ҚР әскери сотының баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, генерал Бағдат Майкеевті 9 ақпанда Астанада ҰҚК қызметкерлері ұстаған болатын. Ол аса ірі көлемде пара алды деп айыпталуда.