Биыл Есентай өзенінің бетонды каналын тазарту жұмыстары 4 сәуір күні Есентай суқабылдағышынан әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта басталды. Тазалау жұмыстарына «Казселезащита» ММ-інен 8 арнайы техника мен 10 адам жұмылдырылды.
Тазалау жұмыстары 12 сәуірге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Есентай өзенінің арнасын тазалау жұмыстарының екінші кезеңі маусым айының басында әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі деп жоспарлануда. Тазалау жұмыстарының қаржыландыру республикалық бюджеттен қарастырылған.
Автор: Данияр Дауталиев
17:49, 06 Сәуір 2019
Алматыда Есентай өзенінің арнасы тазартылып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл сайын көктемгі су тасқынынан кейін Есентай өзенінің арнасын балшық, шөгінді, тас және қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.