14:38, 09 Маусым 2009
Алматыда есірткі қарсы жастардың дәстүрлі спартакиадасы өтеді
АЛМАТЫ. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Сержан Закерұлы/ - Бүгін Алматыда Халықаралық есірткіге күрес күніне арналған жастардың 5-ші спартакиадасы өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мамырдың 26-сы мен шілденің 26-сы аралығында өтетін бұл шараны қалалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырып отыр. Ол спорттық және ұлттық ойындардың 15 түрінен өткізілуде. Бәсекеде демалыс орталықтарының 30-ға жуық командасы өз күштерін сынауда.
«Бұл спартакиаданы өткізіп келе жатқанымызға бес жыл болды. Басты мақсат - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды есірткіге қарсы тұруға шақыру. Сондай-ақ 2011-ші жылы Астана және Алматы қалаларында өтетін 7-ші қысқы Азия ойындарын насихаттау», - дейді Алматы қаласының мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының директоры Дәурен Мұхаметжанов.