Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған кезде сату үшін арнайы қалталарға салынған 355 грамнан астам айғақтық гашиш табылған.
"Алматыға 2 жыл бұрын келген Рахым есімді бұл азамат қала базарларының бірінде жеміс сатып келген. Есірткіге тәуелді болғанына 10 жылға жуықтап қалған ол гашиш қолданып келген. Сол себепті қолға түскен кезде есірткіні тауып алдым және оны пайдалану үшін өзіме қалдырдым деп ақталуға тырысты. Біздің мәліметтер бойынша ол тек тұтынушы ғана емес оны өзгелерге өткізуші де. Бұл тергеу кезінде анықталатын болады", - дейді ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Денис Лоскутов. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері жыл басынан бері Алматыда есірткіге байланысты 400-ге қылмысты анықтады.