Алматыда есірткі саудалаушы құрықталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Есірткі саудалаушы өз тұтынушыларына марихуана саудалау барысында құрықталған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полицейлер күдіктіні ұзақ уақыт бойы аңду нәтижесінде оның бір қонақүйден өзіне клиент іздестіру кезінде құрықтаған. Тәркілеу барысында одан көп мөлшердегі шөп түйіршіктері табылған. Осы қонақүйдің кафесінде ол екі сіріңке қорабына салынған нашаны сатып үлгерген. Есірткі саудалаушы бірден өзінің ісін мойындағанымен, есірткімен жабдықтаушыларды атамады. Дегенімен, нашаның келу арнасын тергеу барысында анықтайтын боламыз», дейді Алматы ІІБ есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасары, полковник Ермұрат Ізғұттиев.

Белгілі болғандай, есірткіге тәуелділер арасында өз клиенттері бар ол бұрын жауапты қылмысқа тартылмаған. Екі жыл бұрын токарь мамандығын алып, Алматыға жұмысқа орналасқан.

«Біз оның бұрын құрылста бірге істеген ұжымына сұрау салған едік. Олардың барлығы жақсы мінездеме беріп, оның бес жылдан бері есірткі тұтынатынына таңданыспен қарады. Дегенімен, ол жауапқа тартылады», деп атап өтті Ермұрат Ізғұттиев.