Алматыда Есірткіге қарсы күрес басқармасының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда Ішкі істер департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мысалы, қаладағы түнгі клубтардың бірінің директоры жасаған шағым негізінде, ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасы мен шұғыл әрекет ету жасағы оның клубына автоматтармен баса-көктеп кіріп, тексеріс жасағандары анықталды. Ішкі істер департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Жалпы 2013 жылы қалалық прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында 28 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 1300-ден астам заңбұзушылықтар тіркелген. Кәсіпкерлерге қатысты 464 жоспарлы тексеріс заңсыз деп танылды.

Сонымен қатар прокуратура кәсіпкерлердің ісіне заңсыз араласып, жұмысына кедергі келтірген фактілер бойынша 108 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартты.