7 наурызда күтіліп отырған нөсерлі жаңбырға байланысты Алматы және Жамбыл облыстарының таулы өзендерінде еріген қар мен жаңбыр суының тасқындары күтілуде. Төменгі учаскелерде орналасқан елді мекендерді су басу мүмкін.
Алматы құтқару қызметі төтенше жағдай орын алған жағдайда 109, 112 телефондарына хабарласуды сұрайды.