деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі, "Достық үйі - Этносаралық қатынастар мәселелерін зерттеу орталығы" және Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) бірігіп ұйымдастырып отыр. "Конференция жұмысы - "Этносаралық қатынастар мен этносаяси үрдістер: шетелдік және отандық тәжірибе", "Қазақстан қоғамы консолидациясының факторы ретінде толеранттылық пен діни еріктілік", "Қазақстан жастары арасындағы этносаралық және дінаралық қатынастардың үйлесімділігін жетілдірудегі азаматтық қоғам институттарының рөлі" деген секциялар бойынша өтуде. Оған - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Молдова мен АҚШ-тан зерттеушілер, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми-зерттеу орталықтарының сарапшылары, этномәдени орталықтардың, және тағы басқа да азаматтық қоғам институттардың өкілдері қатысуда", дейді ҚазҰАУ-дың проректоры, педагогика ғылымының докторы Дина Жүсіпәлиева. Оның айтуынша, секция отырыстары қорытындыланғаннан кейін бұл алқалы жиынға қатысушылар құзырлы органдарға өз ұйғарымдарын жолдамақ.