Алматыда “Еуразия” кинофестивалі аясында Америка деректі фильмдерінің фестивалі өтіп жатыр

None
АЛМАТЫ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда VII халықаралық "Еуразия" кинофестивалі аясында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Америка деректі фильмдерінің фестивалі өтіп жатыр.

Аталмыш шара жыл сайын халықаралық "Еуразия" кинофестивалі аясында өткізіліп келеді.

Биыл Америка деректі фильмдерінің фестивалі көрермен назарына түрлі сыйлықтар мен марапаттарға ие болған үздік туындыларды ұсынды. Деректі фильмдер азаматтық құқықтар, соғыс ардагерлеріне медициналық қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғау және сөз бостандығы сияқты сан алуан тақырыптарды қамтиды. Ол фильмдерде сонымен қатар, тәуелсіз документалистер Америка қоғамы мен мәдениетінің түрлі қырларын сипаттайды.

Фильмдер Silk Way City кинотеатрында орыс тіліндегі субтитрлармен көрсетілетін болады.

"Еуразия" кинофестивалі аясындағы деректі фильмдердің көрсетілімі - екі ел арасындағы ынтымақтастықтың мысалы. Мәдени алмасу жөніндегі бағдарлама әрқашан елшіліктің маңызды жұмыстарының бірі болып табылады",-деді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет, БАҚ, білім сұрақтары бойынша кеңесшісі Джефри Секстон бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.