«2012 жылы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік бойынша келісімдер топтамасы іске қосылады. Сонымен бірге бірқатар күрделі мәселелер туындайды. Атап айтқанда, жалпы капитал нарығын реттеуде валюталық реттеу мен банк жүйесінің ашықтығына қатысты көптеген сауалдар әлі ашық тұр», - дейді С.Глазьев.
Оның айтуынша, бұл конферецияда олардың көпшілігі талқыланып, идеялар айтылып, ұсыныстар жасалады. Оған Еуразия даму банкінің мүше-елдерінің мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері, ЕурАзЭҚ пен ТМД мемлекеттерінің сарапшылары мен ғалымдары қатысуда.