Онда Еуропарламент социалистері мен демократтарының прогрессивті альянсы тобы мен еліміздің бірқатар саяси партиялары кездесті. Басқосу аясында Қазақстанның әлеуметтік және саяси жағдайлары, демократиялық ұстанымдар мен адам құқықтары жөнінде талқылаулар болып, күрделі мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.
«Қазіргі таңда Орталық Азияда экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан Еуроодақ үшін де, әлем үшін де өте маңызды мемлекет. Сондықтан, біз осы елмен саяси-экономикалық тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделіміз. Сол арқылы біз Қазақстанның онан әрі экономикалық дамуына үлес қосып, Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымызды бекіте түсеміз», деді Адриан Северин.
Отырысқа Қырғызстан мен Тәжікстан саяси ұйымдарының өкілдері де қатысып, пікірлерін ортаға салды. Конференцияның кешегі жұмысында «Демократия мен азаматтық қоғам саясатының дамуы» тақырыбы қозғалып, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстанның саяси және қоғамдық ұйымдары мен ЖОО өкілдері қатысты.