Оны Қазақстанның «Эльдани» қайырымдылық қоры мен АҚТ-тың Балалар үшін ғаламдық қоры (GFC) бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Молдова және АҚШ-тың коммерциялық емес ұйымдарының жетекшілері қатысады. Онда ұйымдастырушылық құрылым мен мотивация, фандрэйзинг және тиімді басқару, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік пен медиа бойынша тренингтер өтеді.
«Бұл білім беретін семинарды ұйымдастыру үшін GFC үш күн ішінде көптеген мәселелерді талқылап, қарым-қатынасты орнатуды сөз ететін әлемнің 6 елінен 16 ұйымды жинады. Семинардың негізгі мақсаты - тәжірибе алмасу, ұйымдастырушылық әлеуетін бекіту және қарым-қатынас орнату», - дейді Балалар үшін ғаламдық қорының Еуропа өңірі мен Еуразиядағы бағдарламалар маманы Джозеф Беднарек. Оның айтуынша, қатысушылар өз бағдарламаларын іске асыру тәжірибесімен, атап айтқанда білім беру аясындағы жұмысы мен жабдықтары және білімімен алмаса алады. Ұйымдастырушылық әлеуетін бекітуде - қатысушылар ұйымдардың жобалар мен бағдарламаларды іске асыру қабілеттілігін күшейтумен байланысты мәселелер мен қажеттіліктерді анықтап, сараптама жасайды. Ал қарым-қатынас орнатуда - серіктестік пен білім алмасуға байланысты ортақ басымдықтар, мүдделер мен қиыншылықтарды анықтап талқылай алады.