Бұрын осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан жиі сынға ұшырайтын.
Бүгіннен бастап «Қазақфильм» және Қонаев көшесі, Райымбек даңғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы - алты минут. Төмен еденді, ұзындығы 9,5 метрлік автобустар видеобақылау камераларымен, кондиционерлермен, пандустармен және жайлылық үшін қажетті тағы басқаларымен жабдықталған. Болжам бойынша, бұл бағыттағы жолаушы легі 7-ден 9,5 мың адамға дейін артады деп күтілуде.
Бұған дейін Алматыда №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шыққан еді. Сондай-ақ №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт және №1 бағыт ашылды. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді жолаушылар көлігімен толық қамту үшін қосымша 10 бағыт ашылды.
Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған еді. Олардың 230-ы жолда жүр, 160 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 91-і қала жолдарында қызмет көрсетуде.