Алматыда «Эйр Астана» авиакомпаниясы жаңа оқу жылына орай «Эйр Астана» - балаларға -2009» атты қайырымдылық шарасын өткізуде

trong>Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Эйр Астана» авиакомпаниясы жаңа оқу жылына «Эйр Астана» - балаларға -2009» атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуде,

 

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәрмеңке әуе компаниясы кеңсесінің жанында өтуде. Қайырымдылық шара республикалық ұлттық әуе тасымалдаушы қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылуда.

 Жәрмеңкеде «Эйр Астана» қатынайтын әр түрлі елдердің ұлттық сувенирлері, қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ыдыс-аяқтары, киім-кешектері, тәтті, ұлттық тағамдары және тағы да басқа  тауарлары қойылған. Жалпы мұнда 20 шатыр тігілген.

Сатылымнан түскен қаражаттар №1 балалар үйіне және зағип және нашар көретін балалар мектебіне табысталатын болады.

Шараның тәуелсіз бақылаушысы - «Караван» газетінің бас редакторы Әділ Ибраев қадағалауда.

 «Эйр Астана» авиакомпаниясының қызметкерлері өз ісінің шеберлері, өте қайырымды жандар екеніне көз жеткізіп отырсыздар. Идея кездейсоқ пайда болмайды, менің әріптестерім көп балалы жанұяларға, жетімдерге, зілзала құрбандарына ақша жинап көмектесіп тұрады. Мен де осындай игі істі қолдап, өз қызметкерлеріммен бірге атсалысып отырмын.  Бүгінгі жәрмеңкеге қатысып сауда жасаған әр азамат жетім балаларға қол ұшын беріп қана қоймай, жақсы іс жасағанын  білуі керек. Сол үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Бұл акция әлі жалғасын табатынына сенімдімін», деді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.

Жәрмеңке аясында балалар үйінің және зағиптар мектебінің тәрбиеленушілері жасаған бұйымдар аукционда сатылды. Әуе компаниясының қызметкерлері балаларға көмек ретінде беретін заттарын (балалар киімдерін, ойыншықтар, мектепке қажетті жабдықтарды) ала келіпті.              Шара балалар концертімен жалғасып, жәрмеңкеден түскен қаржыны табыстау рәсімімен аяқталады.