Алматыда Фариза Оңғарысынованың «Өлең, мен сені аялап өтем...» атты жыр кеші өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік Опера және балет театрында қазақтың көрнекті ақын қызы Фариза Оңғарысынованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем...» атты жыр кеші өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерейтойлық кешті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен және Қазақстанның Журналистер одағымен бірлесіп ұйымдастырады. Кешке ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Алматы әкімі Ахметжан Есімов келеді деп күтілуде. Сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Фариза Оңғарысынова еліміздегі ең танымал, көп оқылатын ақындар қатарында. Оның шығармалары тек әдебиет саласында ғана қолданылмайды. Бүгінгі кеш барысында Газиз Есімов, Нұрғали Нүсіпжанов, Мақпал Жүнісова, Елена Әбдіхалықова, Жұбаныш Жексенұлы, Табылды Досымов, Гүлмира Ақүрпекова сынды өнер жұлдыздарының Фариза шығармаларынан әндер орындауы соның куәсі болмақ.