Алматыда «Француз киносы бүгін» атты кинофестиваль өтеді

АЛМАТЫ. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Әйгерім Әмір/ - Алматыда 21-24 сәуір аралығында «Француз киносы бүгін» атты екінші кинофестиваль өтеді.

Әзірше фестиваль бағдарламасы, сондай-ақ қандай фильмдер көрсетілетіні және кандай француздық киногерлер келетіні құпия. Барлығы 7 сәуір күні өтетін арнайы баспасөз мәлімдемесінде белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы француз фильмдері фестиваліндегі жаңа туындылар қазақстандық көрермендерге тек жақсы әсер ғана беріп қоймай, француз киногерлерімен тамаша кездесулер де ұйымдастырылған еді.