Фестиваль Францияның Қазақстандағы елшілігі, Алматыдағы Франсез альянсы, Hennessy қоры, Air Astana әуе компаниясы, MG Production компаниясының қолдауымен өткізіледі. Фестивальға қандай фильмдер көрсетіліп, кімдер келетіні әлі белгісіз. Бұларды қыркүйектің 9-ы күні арнайы өтетін баспасөз мәслихатында Unifrance-нің Шығыс Еуропадағы вице-директоры Жоэль Шапрон мен Канн фестивалінің Шығыс Еуропадағы өкілі жария етеді.
12:46, 06 Қыркүйек 2010
Алматыда Француз киносының бірінші фестивалі өтеді
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда қыркүйектің 21-25 күндері аралығында өтетін VI-шы Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Француз киносының бірінші фестивлі өтеді.