Алматыда «Freestyle Bike Session» велофестивалі өтті

АЛМАТЫ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Ақбұлақ» спорттық сауықтыру кешенінде 26-27 мамыр күндері «Freestyle Bike Session» велофестивалі болды.

Оны «Beeline» компаниясының қолдауымен  «Экстремальды атлетика» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Бұл шара кезінде 158 велошабандоз арасында Cross Country Night Race (XCN) және Cross Country Eliminator (XCE) тәртібі бойынша Қазақстанда тұңғыш рет  түнгі жарыстар өтті. Сондай-ақ Down Hill (DHI) тәртібі бойынша олар жаңа трассада өз күштерін сынады. Онда DНІ сайысында ерлер арасында  - Жомарт Құмақбаев, Глеб Кармозин, Саут Закиров, әйелдер арасында  - Юлия Бакирова, Александра Жизневская,  Ирина Казанцева үздік үштіктің қатарына енді. ХСЕ сынында  мұндай мәртебеге ерлер арасында -Кирилл Казанцев, Виктор Рязанцев, Иван Попов, әйелдер арасында - Ирина Казанцева, Дина Тұрғанбаева, Юлия Бакирова ие болды. Ал XCN бәсекесінде 1-3 орынды Кирилл Казанцев, Нұржан  Тілегенов, Иван  Попов пен  Дина Тұрғанбаева,  Юлия Бакирова, Ирина Казанцева өзара бөлісті.