Алматыда футбол төрешілері мектебіне қабылдау жүріп жатыр

None
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Футбол федерациясы мен Алматы қаласының футбол федерациясы футбол төрешілері мектебіне оқимын деушілерді қабылдап жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, бұл мектепке жасы 14-ке толған азаматтар жазыла алады. Оқу маусымның 10-да басталады. Дәрістер курсын халықаралық санаттағы төреші, Қазақстан Футбол федерациясының Төрешілер және инспекциялау департаментінің директоры, ФИФА нұсқаушысы Николай Левников өткізеді.